Атырауда жолаушылар автобусы екі әйелді басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда таңертеңгі сағат 9-да Балықшыдан Авангард бағыты бойынша бет алған №12 автобус екі әйелді басып кетті. Олар оқиға орнында жан тапсырды.
None
None

Бұл туралы mgorod.kz . хабарлады.

Куәлердің айтуынша, қайғылы оқиға марқұмдар жолаушылар өткелінен өтіп бара жатқан кезде орын алған.

«Жүргізуші сақтық шараларын қолданбай, оларды басып кеткен. Апат салдарынан 1953 және 1954 жылы туылған екі әйел өмірімен қош айтысты. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар