13:01, 08 Наурыз 2013 | GMT +5
Атырауда ЖШС мемлекетке 2,1 млрд. теңге шығын келтірді
АТЫРАУ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда «Тіре» ЖШС 2,1 млр. теңге сомасында мемлекетке салық төлемеген.

Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінен хабарланғандай, қалада «Тіре» ЖШС 2010 жылы тіркелген. Аталмыш ЖШС-нің негізгі тапсырмасы кәсіпкерлік қызмет емес, тауарсыз операцияларды іске асыру болған. Нәтижесінде мемлекетке салықты төлемеу түрінде 2,1 млрд. теңге сомасында шығын келтірілді. ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2 бөлімі «а» және «б» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.