Атыраудағы атыс: Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында атыс болған ауылда полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, полиция қызметкерлері Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында қоғамдық тәртіпті тұрақтандыру мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылған.

«Қазір аталған ауылдағы жағдай тұрақтанды. Тұрғындар арасында жаппай толқу байқалмайды. Соған қарамастан, тәртіп сақшылары Сағыз ауылын тәулік бойы патрульдеп, күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Оқиға орнында Атырау облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтіру) тергеу жүріп жатыр», - дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында ауыл жастары арасында атыс болғанын, кейіннен атыста жарақат алған бір адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар