Атыраудағы құлаған көпірдің құрылысына жауапты адам қамауға алынды, мердігер компанияның бас инженері - үйқамақта

АТЫРАУ. 25 декабря. КАЗИНФОРМ /Андрей Соколов/ - Атырау   облыстық соты     8 адамның  қазасына себеп болған   құлаған  көпірдің    құрылысына  жобалық-техникалық   жауапты адамдардың болғандарды қамауға  алуға санкция берді.
None
None

Атырау қаласында  Жайық  арқылы   тартылып жатқан   көпір  аралығы  қыркүйектің 12-сінде құлаған  болатын. Атырау облыстық ішкі істер  департаменті   осы қылмыс деректері бойынша  мердігер  «Трансқұрылыскөпір»  компаниясының  бас инженері Мұхит Бекмағамбетов пен  жобаның техникалық басқаруына жауап беретін Олег Зайцевтің  үстінен  ҚР Қылмыстық кодексінің 245-ші  бабының  2-ші тармағы  бойынша қылмыстық іс қозғаған  еді.

Облыстық прокуратураның баспасөз  хатшысы  Светлана Жұмашеваның  хабарлауынша,  адам  өліміне  әкелген  көпірдің   құлау себептері   толық тексеріліп  біткенше,     Олег  Зайцев    қамауға алынды.  Ал  мердігер компанияның  66 жастағы бас инженері  Мұхит   Бекмағамбетов,   денсаулық жағдайы ескеріліп,  үйқамаққа отырғызылады.

Соңғы жаңалықтар