Атыраудағы мейрамханалар карантин шектеуін бірнеше рет бұзған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы мейрамханалардың карантин шектеуін бұзуы тоқталмай тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаевтың мәліметінше, карантин шектеуін елемей, жұмыс істеген бірнеше мейрамхана анықталған.

«Мәселен, 26 желтоқсанда түнгі сағат 22:30 шамасында «Тофу» мейрамханасы 60-қа жуық адамға қызмет көрсеткені белгілі болды. Бұл мейрамхана бұған дейін карантин режимін екі рет бұзған. Ал, 26 желтоқсанда түнгі сағат 23:40 шамасында І.Жансүгіров көшесіндегі «Ak's rezervе» мейрамханасында 20-ға жуық адам болғаны анықталды. Аталған мейрамхана да бұдан бұрын екі рет карантин режимін бұзды», - дейді Ерлан Биғамбаев.

Оның айтуынша, «Жансезім», «Гүлсезім» азық-түлік дүкені шектеулі уақыттан кейін де жұмыс істеген. Ал, «Лото» ойын клубының тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істеп тұрғаны анықталған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынғанын жазған едік.




Соңғы жаңалықтар