Атыраудағы Симуляциялық орталық ана мен бала өлімін азайтуға ықпал етеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі қалалық перзентхана базасында ашылған жаңа Симуляциялық орталыққа барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда қалалық перзентхана базасында жаңа заманауи жабдықтармен жарақтандырылған жаңа Симуляциялық орталық ашылды.

Жаңа орталық 15 станциядан тұрады, онда жас және тәжірибелі дәрігерлер түрлі манипуляцияларды жасайды. Мерзімінен бұрын туған сәбилерді, босанған әйелдерді реанимациялауда, босануға жәрдемдесуде, тууды имитациялауда қызметкерлер арнайы медициналық муляждарда тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді.

«Бұл роботтар адам ағзасына барынша жақындатылған, эмоцияларды білдіре алады, дыбыстар шығарып, сөйлеуі мүмкін. Барлығы 15 роботтандырылған станцияларға 200-ге жуық жабдықтар сатып алынды. Жаңа орталықты ашуда біз екі міндетті көздедік. Біріншіден, өңірлердің медициналық қызметкерлерін әртүрлі жағдайларда тәжірибелік көмек көрсету дағдыларына үйретеміз, екіншіден жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсететін парамедиктер дайындаймыз», - деді Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Маншүк Аймурзиева.

nullОблыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, бүгінгі күні қалалық перзентхана базасында орналасқан Симуляциялық орталықтан басқа Атырау медициналық колледжі жанында Симуляциялық сынып ашылды. Онда студенттер 5 станцияда көмек көрсетуді тәжірибе жүзінде үйренеді.

Айта кету керек, Атыраудағы жаңа Симуляциялық орталық ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және Қазақстанның батысында алдыңғы қатарлы орталық болып саналады.

nullЖаңа орталыққа барған облыс басшысының айтуынша, дәрігер мамандығы күнделікті оқу мен дағдыларын жетілдіруден тұрады. Жаңадан ашылған оқу жаттығу орны тек дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар полиция қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге, дене шынықтыру мұғалімдеріне, жаттықтырушыларға тіпті мемлекеттік қызметшілерге де пайдалы болады.

null«Біздің міндетіміз - әр дәрігердің өзінің арнайы дағдыларын автоматтандыруға қол жеткізуі үшін осы орталықтан тәжірибеден өткізу. Біздің бірінші кезектегі мақсатымыз - адами факторды алып тастау, өңірдегі барлық дәрігерлер өз саласының маманы болуы тиіс», деп тапсырды Нұрлан Ноғаев денсаулық сақтау басқармасының басшысына.

Сонымен қатар, Атырау облысының әкімі Алмагүл шағын ауданындағы қалалық перзентхана жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда мұнда күн сайын 20-ға жуық сәби дүниеге келеді. Үш жолақты жаңа жүйенің арқасында патология бөліміндегі төсек саны 30-дан 16-ға дейін, ал шұғыл көрсеткіштермен түскен әйелдерге алғашқы 2 минутта қызмет көрсетіледі. Облыс әкіміне босанатын әйелді қабылдаудан бастап босану бөлмесіне дейінгі қабылдау процесі қалай өтетінін әңгімеледі. Енді өңірдегі жаңа Симуляциялық орталықтың арқасында ана мен бала өлімінің көрсеткішін нөлге дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, орталықта 12 жаттықтырушы - барлық дайындалған дәрігер неонатологтар, анестезиологтар, реаниматологтар, акушер-гинекологтар және гинекологтар жұмыс істейтін болады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін облыстың барлық медициналық мекемелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ 200 парамедициналық мамандарды біліктілігін арттыру курстарынан өткізу жоспарлануда.

   nullnull  

Соңғы жаңалықтар