Атыраудағы тағайындаулар мен лауазымнан босатулар

АТЫРАУ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың өкімімен Мейірім Қалауи жастар ісі жөніндегі облыстық басқарманың бастығы болып тағайындалды.
None
None

М. Қалауи 1985 жылы дүниеге келген. 2006 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдады. 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясын бітіргеннен кейін экономика ғалымдарының магистрі атағын қорғады.

Еңбек жолын «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастады. «Тұран» ЖШС-нің директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары - бас редактор болды. Соңғы тағайындауға дейін «Атырау-Ақпарат» КМК  төрағасы болып қызмет етті. Сондай-ақ "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанатының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін қоғамдық негізде атқарды.

Белгілі болғандай, дүйсенбі күні бұл қызметке өткен жылдың ақпан айында тағайындалған Атырау облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Қазыбек Әлішев өз еркімен жұмыстан кету жөнінде өтініш жазды. Оның міндетін уақытша оның орынбасары Серік Сапанов атқаруда.

Соңғы жаңалықтар