Атыраудағы тағы бір зиратта тұрпайы әрекет фактісі анықталды

АТЫРАУ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау қаласында қаңтар айының ортасында қаладағы екі зираттағы 31 қабірді қирату оқиғалары анықталған болатын. Осындай оқиға Махамбет ауданындағы тағы бір зиратта қайталанып отыр.
None
None

Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, қазіргі таңда жас адамдардан құралған екі топқа осы қаскөйлікті жасады деген күдік тағылып отыр.

«Барлығы 13 адам ұсталды. Күдіктілердің біреуі іздеуде жүр. Ұсталған адамдар үш күн бойы қасақана қалалық зираттағы қабір құлпытастарын қиратқандарын мойындады. Олардың Махамбет ауданындағы зиратта болған жағдайға қатысы бар-жоқтығы анықталу үстінде. Айғақтар әлі жиналмады, алайда ұсталғандардың екеуі сол Махамбет ауданының тұрғындары», - деп хабарлады Г.Мұхтарова.

Естеріңізге сала кетейік, зираттарда болған тұрпайылық әрекеттерді жерленген марқұмдардың туыстары 14 қаңтар күні байқаған. Белгісіз адамдар 31 қабірге қойылған белгіге зақым келтірген. Жерленген адамдардың басына қойылған тастар толығымен бүлініп, қабір үстіндегі құлпытас ұсақ бөліктерге бөлшектеніп тасталған. Қаланған тастар қиратылып, марқұмдардың зират басындағы суреттері бүлінген.

Облыста ең тәжірибелі тергеушілер мен криминалистерден жедел тергеу тобы құрылған. Бұл қылмысты тергеу Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесе жүзеге асырылуда.

Полицияның айтуынша, ұсталғандардың барлығы елімізде тіркелмеген діни ағымдарға кіреді.

Соңғы жаңалықтар