Атыраудан Құрманғазы ауданына жолаушылар пойызы жүрді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудан Құрманғазы ауданына жолаушылар пойызы жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Атырау стансасы–Д.Нұрпейісова бекеті» бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарын аралап, жолаушыларға сәттілік тіледі.

«Осы пойызды іске қосудағы басты мақсатымыз – жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу. Сапарларыңызға сәттілік тілеймін» - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Пойыздың жүруін асыға күткен жолаушының бірі – Раушан Иманбаева.
«Біз бұл пойызды ұзақ күттік. Енді міне, ауылымызға пойызбен жатырмыз. Автокөлікке қарағанда, пойызбен жүру жайлы болады ғой» - дейді Раушан Иманбаева.

Пойыз құрамында 3 вагон бар. Атырау қаласынан жергілікті уақытпен сағат 11: 00 -де, ал, Д.Нұрпейісова стансасынан 18:42-де шығады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыоаудың Құрманғазы ауданына баратын жолаушылар пойызы қашан қатынайтынын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар