Атыраудың 3 ауданындағы инфекциялық стационар науқастарға толды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының үш ауданында инфекциялық стационар науқастарға толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық lеснаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Индер, Исатай және Махамбет ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны өскен. Соның салдарынан аталған аудандардың инфекциялық стационарларындағы жүктеме 100 пайыздан асқан.

«Қазір Индер ауданындағы инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған 26 (100%), Исатайда – 11 (110%), Махамбет ауданында 29 (145%) науқас жатыр. Ал, өзге аудандардың инфекциялық стационарларында төсек-орын жеткілікті. Мәселен, Жылыой ауданында 37, Құрманғазыда – 52, Мақатта – 20, Қызылқоға ауданында 9 пациент емделу үшін оқшауланған» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда екі күнде 654 науқас коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар