Атыраудың бір бөлігінде тағы 4 күн ыстық су болмайды

Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның жылу пункттеріндегі жабдықтарды тексерумен байланысты болып отыр.
«Күрделі жөндеу жүргізудің жоспарланған кестесіне сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру жұмыстары жүргізіледі. Сол себептен, 17-21 шілде аралығында Атырау қаласындағы кейбір мекенжай бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады», - деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.
Мәселен, «Теміржол-1» орталық жылу пунктінен С.Датов көшесіндегі №11, 11а, 12, 13, 14, 15, 21. 23, 25, 27, 29, 31, 33, 35а, 35б, 35в, 35г, Достық көшесіндегі №2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, М.Өтемісұлы көшесінде орналасқан 134-үйге ыстық су берілмейді. Осы күндері «Алмагүл-1» орталық жылу пунктінен «Алмагүл» шағын ауданындағы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 үйлерге ыстық су беру уақытша тоқтатылады.
Сондай-ақ, «Абай» орталық жылу пунктіне қарайтын Қ.Сәтпаев көшесіндегі №8, 10, 12, 14, 15а, 16, 18, 22, 24, 26, 28, 30, Н.Крупская көшесінде орналасқан №71 үйде де ыстық ыстық су беруді уақытша тоқтату жоспарланған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда ыстық су беру тағы 4 күнге тоқтатылатынын хабарлаған болатынбыз.