Атыраудың бірнеше шағын ауданында ыстық су уақытша тоқтатылады

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың бірнеше шағын ауданында ыстық су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау жылу желілері» АҚ бүгін, 2 мамырдан 5 мамырға дейін мұнайлы шаһардағы бірнеше шағын ауданның тұрғын үйлеріне ыстық су беруді уақытша тоқтататуды ұйғарған. Бұған жылу пунктеріндегі жабдықтарды тексеру себеп болған.

«Күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарлы кестесіне сәйкес жылу пунктерінің жабдықтарына тексеру жүргізіледі. Осыған байланысты «Атырау жылу жүйелері» АҚ 2023 жылғы 2-5 мамыр аралығында ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Осы кезеңде «Вокзал маңы» 3 шағын ауданындағы №12, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 22, 23, «Алмагүл» шағын ауданының № 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, Т. Амандосов көшесінде орналасқан №42, 42/1, «Авангард-4» шағын ауданының №1, 2, 3, 4, 7, 17, 18, 19, Қ. Сатпаев көшесіндегі №3а, 4а, 5, 66 үйлерде ыстық су болмайтынын қаперге береміз», -делінген кәсіпорын таратқан ақпаратта.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда үш күн қатарынан ыстық су болмайтынын хабарлаған едік. Атырау облысының энергетика кешені баспасөз қызметі 19-21 сәуір аралығында тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылатынын мәлім еткен еді.

«Сынақ жүргізу кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау жылу трассасының құбырларына 10 метрден кем қашықтыққа жақындамау сұралады. Құбырларда су ағу мен жарылу байқалса, дереу хабарлауды өтінеміз», -делінген еді хабарламада.


Соңғы жаңалықтар