Атырауда үш күн қатарынан ыстық су болмайды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулықтар үш күн қатарынан ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының энергетика кешені баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 19-21 сәуір аралығында тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылады.

«Атырау жылу желілері» акционерлік қоғамы мұның себебін магистралдық және жылу тарату желілерінде гидравликалық беріктік пен тығыздық үшін жоспарлы сынау жүргізумен байланыстырып отыр.

«Сынақ жүргізу кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сынау кезеңінде жылу трассасының құбырларына 10 метрден жақын қашықтыққа жақындамау сұралады. Тұрба құбырларында су ағу мен жарылуды байқалса, бұл туралы 8-7122-994307, 99-43-98, 32-22-58 байланыс телефондарына дереу хабарлауды өтінеміз» делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 23 қыркүйекке дейін ыстық су беру тоқтатылатынын хабарлаған болатынбыз.

Қалалық әкімдік ыстық су берудің 10 күннен астам мерзімге тоқтатылуын күрделі жөндеу жұмыстарымен байланысты екенін хабарлаған болатын.

«Атырау қаласындағы барлық жылу пунктінен ыстық су беру 12-23 қыркүйек аралығында толық тоқтатылды. Шаһар аумағындағы магистралдық жылу желілерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне байланысты осындай шешім қабылданды. Ал, 27-29 қыркүйек аралығында магистралды жылу желілеріне жоғары қысыммен сынақ жүргізіледі. Осыған байланысты жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сынақ кезеңінде магистралдық құбырларға жақындамауды, жылу желілері учаскелерін тексеріп жүрген қызметкерлердің нұсқауын орындауды сұраймыз», -деп мәлім етті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар