Атыраудың орталық алаңында құқыққа қарсы әрекеттерді ескерту үшін шаралар қолға алынды - ІІД
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 21 мамырда қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында Атырау облыстық ІІД Атырау қаласындағы Исатай мен Махамбет атындағы орталық алаңда құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және ескерту үшін шаралар қабылдады.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, автомобиль және қоғамдық көліктер қозғалысы қалыпты режімде жүргізілуде. Жағдай бір қалыпты, құқық бұзушылықтар тіркелмеген.