Атыраулық 200 бала президенттік шыршаның қонақтары болды

АТЫРАУ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Атырауда 200 балаға арналған президенттік шырша өтті. Оған жетімдер үйінен, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан, сондай-ақ ең алыс ауыл мектептері мен теміржол өткелінен келген балалар қатысты.
None
None

Олар бүгінгі күнде оқу озаттары атанып, шығармашылық табысқа қол жеткізіп отыр.

Шырша облыс орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің ең үлкен залында өтті. Мереке таңғажайып жаңажылдық ертегі кейпінде өтіп, қатысушыларды Аяз ата мен Ақшақар қуантты. Сондай-ақ балаларға сыйлықтар табыс етілді. Оларға сырткиім мен тәттілер берілді.

Соңғы жаңалықтар