Атыраулық «Алшы» қоры «Мұнай табысын басқару саласындағы шынайылық және есептілік» тақырыбында байқау жариялады

АҚТАУ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Атыраулық «Алшы» әдеби-тарихи мәдени қоры Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарындағы БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арасында «Мұнай табысын басқару саласындағы шынайылық және есептілік» тақырыбында ең үздік материалдарға байқау жариялады.
None
None
Қарашаның 25-і мен наурыздың 25-і аралығында өтетін байқау қорытындысы сәуір айында Атырау қаласында шығарылмақ. Бұл туралы осы тақырыпта өткен семинарда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Байқауды өткізудегі мақсатымыз ? халықты кен өндіру саласындағы қызметтің шынайылығы туралы бастамалармен хабардар ету. Соның ішінде ЕІТІ бірлестігінің де қызметімен таныстыру. Журналистер мен қоғамдық ұйым өкілдерінің шынайылық тұрғысындағы бастамаларға қатысу белсенділігін арттыру. БАҚ пен ҮЕҰ арасында кен өндіру саласындағы табыс шынайылығы тақырыбына мамандандырылған, осы тақырыпқа жиі баратын кәсіби авторларды табу», дейді «Алшы» қорының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекет Қарашин.Семинарда байқау талаптары түсіндірілумен қатар, Өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасы (ЕІТІ) туралы кеңінен мәліметтер берілді. Ал байқау үш кезеңнен тұрмақ. Ең үздік деп танылған материал «Сорос-Қазақстан» қорының веб-сайтында жарияланып, қазақ және орыс тілдерінде бірінші орын алған жеңімпаздарға бір-бірден ноутбук, екінші орынға бейнекамералар, үшінші орынға фотоаппараттар тарту етілмек.
Соңғы жаңалықтар