15:42, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
Атыраулық ардагерлер 200 мың теңгеден алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраулық ардагерлер 200 мың теңгеден алатын болды.

Бұл туралы қалалық мәслихаттың 32-сессиясында жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева мәлім етті.
«Атырау қаласы әкімдігі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қарастырылған бір жолғы көмекті 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Ал тыл еңбеккерлері 5 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алатын болды», - деді ол.