12:58, 13 Наурыз 2014 | GMT +5
Атыраулық қаржы полицейлері баспаналы болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің қызметінде зор табысқа жеткен 6 қызметкері баспаналы болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Пәтер кілтін табыс етуге арналған салтанатты шара барысында департамент басшысы М.Төлеубаев сөз сөйлеп, ерен еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге алдағы уақытта да жұмыстарында табыс тіледі. Сондай-ақ ол қаржы полициясы органдарында қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету оң жолға қойылғандығын атап өтті.
Қызметтік пәтерлер ұзақ уақыт бойы қаржы полициясы органдарында жұмыс істеп, өңірдің экономикалық қауіпсіздігіне зор үлес қосқан қызметкерлерге берілді.