Атыраулық мұнай өңдеушілер 2009 жылы қазақстандық қамтудың көлемін 55 миллиард теңгеге жеткізді

АТЫРАУ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау мұнай өңдеу зауыты 2009 жылы сатып алынған тауарлар мен қызметтердің қазақстандық қамту көрсеткішін 55 миллиард теңгеге жеткізді.
None
None

Зауыт бас директорының бірінші орынбасары Қайрат Оразбаевтың хабарлауынша, 2009 жылы кәсіпорын қазақстандық өндірушілерден 3 миллиард 400 миллион теңгенің тауарларын сатып алған, ал қызмет көрсетулер мен жұмыстардағы қазақстандық қамту көрсеткіші 50 миллиард 873 миллион теңгені құраған.

Атыраулық мұнай өңдеушілер қазақстандық өндірушілерден деэмульгаторлар, фосфор қышқылын, құрылыс материалдарын, трансформаторлар, кабель өнімдерін, жиһаздар сатып алған.

Соңғы жаңалықтар