Атыраулық мұнайшылар барлық жұмыс орындарын сақтап қалады

АТЫРАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырау облысының 5 мыңға жуық адамы жұмыс істейтін «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы барлық жұмыс орындарын сақтап қалуға тырысып бағуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл жөнінде отандық мұнайшыларға өндірістік филиалда құрылған және облыстың барлық кен орындарында болған жұмыс тобы хабарлады. «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының басшысы Бақытқали Бисекеннің айтуынша, ұжым биылғы жылы әлемдік бағаға қарамастан, мұнай өндіруді өткен жылғы деңгейде сақтауды жоспарлап отыр. Белгілі бір бағдарлама қысқартылатын болады. Бірақ ең бастысы, мұнай-газ өндіруші басқармалар қызметкерлерінің арасында ешқандай қысқарту болмайды. Бұл ретте, қызметкерлердің еңбекақысы 10.5 пайызға өсірілмекші.
Соңғы жаңалықтар