Атыраулық полицейлер 15 тонна сазан тиелген көлікті ұстады

АТЫРАУ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атыраулық полицейлер Оралға баратын тас жолда 15 тонна сазан тиелген көлікті ұстады.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, «КамАЗ» автокөлігі тексеру үшін Батыс Қазақстан облысымен шекаралас Индербор ауылына жақын жерде тоқтатылған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысына бара жатты. «КамАЗ» көлігінің иесі, жүргізушіде балыққа тиісті құжаттары болмады.

«Балық тәркіленді. Тергеу барысында балықтың қайдан алынғаны анықталады», деп хабарлады Г.Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар