Атыраулық полицейлер балық ұрлағандарды ұстады
«Атыраулық полиция департаменті сирек кездесетін балықтардың заңсыз айналымына тосқауыл қою жұмыстарын жалғастыруда. Бекіренің бел кеспесін көлікке тиеп, Атырау қаласына өтпекші болған екі азаматты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріқолға түсірді. «Лада-Гранта» автокөлігінің жүксалғышынан табылған екі жол сөмкесі балыққа лық толы болып шықты. Тәркіленген өнімнің салмағы 38 келі», - деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті.
Айта кеткен жөн, қазір Исатай ауданының азаматтары өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, (ҚР ҚК 339 б.) сотқа дейін тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.