15:19, 15 Қараша 2022 | GMT +5
Атыраулық полицейлер есірткі өндіретін фито-зертхананы анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіріп, сақтаған 54 жастағы күдікті анықталды, деп хабарлайды polisia.kz.
9 қараша күні Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қала аумағында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіріп, сақтаған 54 жастағы күдіктіні анықтады.
Үйде 50 қарасора бұтасы, 2 полиэтилен қапшыққа салынған салмағы 2,7 келі кептірілген марихуана, 2 әйнек шыныға салынған шөптің дәндері табылды.
Күдікті Атырау қаласы УҰИ-ға қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен, ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ