17:56, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Атыраулық прокурорлар жаңа ғимаратқа ие болды
АТЫРАУ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырауда облыстық прокуратураның жаңа ғимаратының салтанатты түрде ашылу рәсімі өткізілді.

Атыраулық прокурорларды аталмыш қуанышты сәттерімен облыста сапарда жүрген ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми құттықтады.
Қ.Мәми атап өткендей, жаңа бес қабатты ғимарат барлық қазіргі заман талаптарына сай келеді. Оның ішінде үлкен және шағын отырыс залдары, тергеу-криминалистикалық әдістемелік кабинет, компьютер сыныбы бар. Дыбыс және бейне-конференц байланыстар қала мен аудан прокурорларының қатысуымен селекторлық кеңестер өткізуге мүмкіндік береді. Ғимаратта брифингтер мен баспасөз мәслихаттарын өткізуге арналған баспасөз клубы бар.