Атыраулық жастар киелі жерлерді аралады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық жастар Елбасының «Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру»  мақаласы аясында «ӨлкеTANY»жобасын бастады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. 

Атыраулық жастар киелі жерлерді аралады

Аталмыш жобаның мақсаты - туған жеріміздің тариxын тану, табиғатын және облыс аумағындағы тариxи-мәдени ескерткіштер мен нысандардың ерекшелігін насихаттау.

Айта кетейік, экспедицияға өлкеміздегі белсенді жастары мен журналистер қатысты.

Жылыой - қазақ жеріндегі мұнай алынған алғашқы өлке ғана емес, киелі және тарихи мекендері көп аймақ. Осында табылған сармат дәуіріне тиесілі «Алтын адам» - бүгінде өңірге ат басын бұрған қонақтарға көрсететін танымал жәдігерге айналды.

Экспедиция өз жұмысын «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тізіміне енген Жылыой ауданындағы «Ақмешіт» қорымынан бастады.
null

Аңыз бойынша Бекет баба жеті жерасты мешітін тұрғызған екен. Соның Маңғыстау даласындағы Оғыланды биігіндегі бірін өзінің мәңгілік мекені еткен. Ал Жылыойдағы Ақмешітте Бекет баба дүниеге келген.

Ақмешіт қорымы - XVIII-XX ғасырда  Жылыой ауданындағы  Ақкиізтоғай ауылының 31 шақырым жерде орналасқан. Бұл атақты діндар, ағартушы және сәулетші Бекет Мырзағұлұлының (1750-1813 жж.) туып-өскен жері. Ол халықтың ерекше ықыласына бөленген тұлға. 1771-1774 жылдары Бекет ата жерасты мешітін салды, ағарту, рухани және емшілік қызметпен айналысты, балаларды оқытты. Мұнда Бекет атаның әкесі Мырзағұл, анасы Жәния және ұлы Тоғай жерленген.

Экспедиция мүшелерін Ақмешіттегі «Бекет ата» мешітінің имамы, Бекет атаның жетінші  ұрпағы  Исламқажы Мырзабекұлы қарсы алды. Жол-жөнекей Ембідегі екінші мешіт  болып табылатын Құлшан әулие мешітіне соғып, дұға бағыштады.
null

Құдыреттің күшімен ерекше қасиетке ие болған Бекет атамыздың өзі «Ақмешітке зиярат жасап келушілер жолай жиенім Құлшан бейітіне соғып, дұға оқып өтсін» деп өсиет қалдырған екен. Құлшан әулие мешіті  жеке-жеке екі бөлмеден тұрады, оның біреуіне әулиенің өзі жерленген.

1996 жылы салынған «Ақмешіт» қорымының шырақшысы Ислам Мырзабекұлы құран оқып, жастарды мешітке апарды. Ата-баба рухына Құран бағыштады. Оның айтуынша, Ақмешіт рухани, тарихи, діни туризм ошағына айналған. Ол 1970 жылдан бастап Бекет атамыз туралы зерттеу еңбектерін жазып жүргенін айтты. Бұл жерге Иран мен Ресейден және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп зиярат етіп, түнеп кетеді. Бекет атамыздың 2020 жылы өтетін 270 жылдығына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар, жаңа қонақ үйлер, жол салынатынын мақтанышпен жеткізді.
null

Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыровтың айтуынша, жастар тарихи жерлеріміздің қадір-қасиетін түсініп, осындай байлықтарымыздың бар екендігін білуі керек. 

null

Абай АҚМҰРЗИЕВ