Атыраулық ЖЭО-ның кеңеюі аймақ экологиясына зиянын тигізбейді
Үш турбинаның алғашқысын 2009 жылы қарашада аймаққа жасаған сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан болатын. Бүгінгі таңда турбина ортақ энергия жүйесіне қосылып, 23 мегаватт электр қуатын шығарады. Жаңа қазандықтардың бірі іске қосылған.
«Жоспар бойынша, басқа құрылғылардың монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Есеп бойынша екінші турбинаға құбыр агрегатын орнату жұмысы аяқталған. Қазіргі таңда ең басты және қосымша бу құбырларының монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Турбинаны ағымдағы жылы шілденің ортасында іске қосу жоспарланған. Екінші қазандық агрегатында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Құрылғыларды орнату жүріп жатыр. Ол 2010 жылғы қарашаның соңында іске қосылады», - деп хабарлады Атырау ЖЭО өндірістік техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Айталиев.
ЖЭО-дағы барлық құрылғылар іске қосылған соң, қазір шығарып отырған 21 мегаватқа тағы 75 мегават қосылады. Бұл аймақ қажеттілігін толығымен өтеу үшін жеткілікті болмақ.