Ауа райы болжамы: 20 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қар жауады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» 20 желтоқсанға жасалған ел аумағындағы синоптикалық жағдайлар мен ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамын жариялады. 

Ауа райы болжамы: 20 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Фото: Kazinform

Болжам бойынша 20 желтоқсанда Қазақстанның бүкіл аумағына солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды жүйелердің ықпалы жалғасады. Атап айтқанда, бұрқасынмен бірге қар күтіледі. Әсіресе еліміздің солтүстік өңірінде қалың қар жауады. Күндіз республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіліп отыр. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. 

Сенбі күні еліміздің барлық аймағында ауа райына қатысты ескерту жарияланғаны да осыған дейін хабарланған болатын. 

Еске сала кетсек, бұдан бұрын бірқатар өңірде қар жауып, боран соғатынын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар