23:40, 27 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Ауа райы болжамы: 28 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» 28 желтоқсанға жасалған ел аумағындағы синоптикалық жағдайлар мен ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз және аязды ауа райы күтіледі.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын (жаңбыр және қар) күтіледі, батыста қалың қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін 27 желтоқсанда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелгенін жазғанбыз.