Ауа райы бұзылып, екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Екі облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Абай облысы:

12 желтоқсан сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:

- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы – ШҚО шекарасы) ;

- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1004-1087 шақырым аралығы (Көкпекті ауылынан Боғас ауылына дейін);

- «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 900-941 шақырым аралығы (Сәтбаев ауылынан Боғас ауылына дейін)

Жолды 2025 жылғы 13 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысы:

12 желтоқсан сағат 17:00-де Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығында (Абай облысы шекарасы - Рубеж бекеті) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 13 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райына байланысты 700-ге жуық автокөлік жиналып қалды.

Соңғы жаңалықтар