Ауа райы бұзылып, екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

2 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: ҚазАвтоЖол

Бүгін, 10 қаңтар сағат 21:45-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Ақтөбе облысы:

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Қызылорда облысы:

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Жолды 2026 жылғы 11 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, синоптиктер 11 қаңтар күні Қазақстанның 15 облысында және Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар