Ауа райы құбылып тұр: 27 маусымда да жаңбыр жауып, жел күшейеді

АСТАНА.KAZINFORM — 2025 жылғы 27 маусымға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды «Қазгидромет» РМК таратты. 

27 маусымда да жаңбыр жауып, жел күшейеді
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Атмосфералық фронттар республика аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтап қалады — найзағайлы жаңбыр жауады. Елдің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың көптеген өңірлерінде жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауылдар күтіледі.

Абай облысының орталығында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Төтенше өрт қаупі Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігі мен батысында, Қарағанды облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында, Абай облысының батысы мен оңтүстігінде күтіледі.

Соңғы жаңалықтар