Ауа райы күрт өзгереді: жауын-шашын келе жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ синоптиктері 4–6 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

жаңбырлы жол
Фото: Pixabay

Мамандардың болжамынша, барикалық циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жауын-шашынды күндермен алмасады.

— Жаңбыр жауады деп болжанады, кей жерлерде найзағай күтіледі. 4 сәуірде елдің солтүстік-батысында, 5–6 сәуірде батыс өңірлерде, 5 сәуірде оңтүстік аймақтарда кей уақытта қатты жаңбыр жаууы ықтимал, — делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі, ал күндіз кей өңірлерде бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Күндізгі ауа температурасының аздап өзгеруі күтіледі:

  • елдің батысында 15–25 градустан 10–20 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстікте 11–20 градустан 15–20 градусқа дейін жоғарылайды;
  • шығыста 15–23 градустан 20–28 градусқа дейін ауытқиды;
  • елдің қалған аумақтарында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

Айта кетейік, синоптиктер бүгін Қазақстанның көптеген өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар