Ауа райы: Республикалық автожолдардағы ахуал қалай?

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар жол учаскелері жабылды. Құтқарушылар мен полицейлер трассада қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Ауа райы: Республикалық автожолдардағы ахуал қалай?
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Алдын ала ескерту беріліп жатқанына қарамастан, адамдар бұрқасында жолға шығып кетіп, қар құрсауында қалып, көмек күтуде. 

Ауа райы: Республикалық автожолдардағы ахуал қалай?
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Мәселен, ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Өскемен — Самара» автожолында 30-дан астам көлік жолда қалған. Оларға тәртіп сақшылары көмекке келіп, қауіпсіз аумаққа дейін жеткізді.

ауа райы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Павлодар облысында да құтқарушылар қар құрсауынан төрт адамды алып шықты. Онда 112 пультіне «Жасыбай» демалыс аймағынан 10 шақырым жерде жеңіл көлік жолаушыларымен бірге қарға батып қалғаны жайлы хабар түскен.

ауа райы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Оқиға орнына барған құтқарушылар ішінде 4 адамы бар көлікті қардан шығарып, тазартылған жол учаскесіне сүйреп жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, — деп атап өтті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Үшсарт ауылының маңында қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды. Жолаушылар отырған жеңіл автокөлік қалың қарда тұрып қалған. 

Ауа райы: Республикалық автожолдардағы ахуал қалай?
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Оқиға орнына келген құтқарушылар жолаушыларды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, — деп мәлімдеді өңірлік ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

ауа райы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

«ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақ баспасөз қызметінің мәліметінше қазіргі сәтте келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды: 

Ақмола облысы: 

— «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы-Павлодар облысы шекарасы);

— «Астана-Петропавловск» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Астана қаласы — Щучинск қаласы);

— «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 35-51 шақырым аралығы (Қабанбай Батыр ауылы — Қарағанды облысы шекарасы);

Павлодар облысы: 

«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы-Шідерті ауылы); 

Қарағанды облысы: 

— «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 51-266 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы-Теміртау қаласы).

Сондай-ақ сағат 14:00–да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды:

Ауа райы: Республикалық автожолдардағы ахуал қалай?
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
Ауа райы: Республикалық автожолдардағы ахуал қалай?
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Ақмола облысы: 

— «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Қостанай облысы шекарасы — Сұрған ауылы);

— «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-82 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жақсы ауылы — Бұзылық ауылы);

— «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының 537-595 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Бұзылық ауылы — СҚО шекарасы);

— «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 917-1003 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жақсы ауылы — Атбасар қаласы);

— «Көкшетау-Атбасар» автожолының 120-184 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Атбасар қаласы — Максимовка ауылы);

Ауа райы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Солтүстік Қазақстан облысы: 

— «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының 595-671 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ақмола облысы шекарасы — Тоқсан би ауылы);

ауа райы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Қостанай облысы:

— «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Октябрьское ауылы — Ақмола облысы шекарасы — Сұрған ауылы). 

Сондай-ақ  14:10-да Қарағанды облысында «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1426-1457 шақырым аралығындағы учаскеcінде (ПВП Теміртау — Қарағанды қаласы) көліктін барлық түрі үшін қозғалыс ашылады. 

14:30-да келесі Ақмола облысында «Астана-Петропавловск» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Астана қаласы — Щучинск қаласы) республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылады. 

Бұған дейін бірқатар өңірде жолдардың жабылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар