Ауа райы: Солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 11 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжауынша, елдің батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде антициклонның әсері біртіндеп әлсіреп, ауа райы циклонның ықпалымен қалыптаса бастайды.
Атмосфералық фронттардың өтуі нәтижесінде республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлердің кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Жетісу облысында 1-6 градус үсік жүреді. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус аяз болады.
Ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде төмендейді. Түнде термометр бағаны -3-10 °C дейін, күндіз -3+5 °C дейін төмендейді. Күн райы басқа өңірлерде қалыпты жағдайда сақталады.
Айта кетейік, бүгін 7 қалада ауа сапасы төмендейді.