Ауа райына байланысты 4 өңірде жол қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — 28 желтоқсанда күн райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс уақытша шектелді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлім етті.

Ауа райына байланысты 4 өңірде жол қозғалысы шектелді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Маңғыстау облысы

28 желтоқсан сағат 23:30–дан бастап Маңғыстау облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолының 210-632 шақырым аралығында (Атырау облысының шекарасынан Шетпе ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады. 

Жолды 29 желтоқсан сағат 12:00–де ашу жоспарланған. 

Атырау облысында

28 желтоқсан сағат 23:30–дан бастап Атырау облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолының 130-210 шақырым аралығында (Құлсары ауылынан Маңғыстау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады.

Жолды 29 желтоқсан сағат 12:00–де ашу жоспарланған.

Сағат 23:45–те ауа райының бұзылуына байланысты Республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізілді: 

Ақтөбе облысы

«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (ЖҚС «ЭКО ойл» — дан Қызылорда облысының шекарасына дейін) жол қозғалысы шектелді.

Қызылорда облысы

«РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) жол жабылды.

Жолды 29 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланған. 

Айта кетейік, Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар