Ауа райына байланысты Абай және Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

полиция, закрыта дорога, көтайғақ, көлік қозғалысы
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Бүгін, 25 желтоқсан сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

Абай облысы:

- «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автомобиль жолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесі Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасы дейін);

Шығыс Қазақстан облысы:

- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автомобиль жолының 1013-1062 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Рубеж бекетіне дейін);

Жолды 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін Жаңа жыл түні Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар