Ақтау мен Атырау әуежайларында жолаушыларға рейстердің кешігетіні хабарланды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Ақтау және Атырау қалаларынан ұшып шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға рейстердің кешігетіні туралы хабарлама келді. 

Ауа райына байланысты Ақтау мен Атырауға ұшатын рейс кешігіп жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бұл жағдайға өңірлердегі жайсыз ауа райы себеп болғаны нақтыланады.

— Air Astana әуекомпаниялар тобының атынан Ақтау және Атырауға ұшатын рейстердің ауа райының бұзылуына және Ақтау, Атырауға ұшатын ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын атқару мүмкін болмай жатқанына байланысты кешігіп жатқанын хабарлаймыз, - делінген аталған әуе компания хабарламасында.

Жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейске қатысты ақпаратты ресми сайттан немесе мобильді қолданбадан қарау ұсынылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Airbus ұшақтарына қатысты жағдайға байланысты Call-орталық іске қосылғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар