Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батысы мен оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысында түнде батысында, күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай болады. Күндіз батысы, солтүстігі және шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батысында аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында күндіз солтүстігі мен батысында найзағай болады. Солтүстік пен батыста желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында аса жоғары. Солтүстігінде де өрт қаупі жоғары.
Атырау облысында күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанып отыр. Жел батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығысында өрт қаупі жоғары, батысы мен солтүстік-шығысында жоғары, оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығысында аса жоғары, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығысы мен таулы аймақтарында желдің екпіні секундына 15-20 метр. Солтүстігі мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, батысы мен шығысында аса жоғары.
Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығысында аса жоғары.
Батыс Қазақстан облысында түнде батысында найзағай, күндіз батысы мен солтүстігінде нөсер, найзағай және бұршақ күтіледі. Жел батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде секундына 15-20 метр.
Қарағанды облысында күндіз солтүстігінде жел секундына 15 метрге дейін жетеді. Шығысында өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз найзағай, бұршақ және қатты жел тұрады деп болжанып отыр. Түнде солтүстігі, батысы мен шығысында, ал күндіз осы аумақтарда жел секундына 15-20 метр, кей жерлерде 23 метрге дейін күшейеді. Оңтүстігінде аса жоғары, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында күндіз батысында найзағай, орталығында шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, орталықта секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, осы аумақтарда секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Батысында өрт қаупі жоғары.
Павлодар облысында күндіз солтүстігі мен батысында найзағай болады. Жел осы аумақтарда күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Шығысында өрт қаупі жоғары, батысы мен оңтүстігінде аса жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, ал күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Жел түнде осы аудандарда 15-20 метр, ал күндіз 23-28 метрге дейін күшейеді.
Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында аса жоғары өрт қаупі сақталады.