Ауа райына байланысты бірнеше республикалық автожол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

2025 жылғы 24 ақпан сағат 12:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Қостанай облысы:
- «Қостанай - Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
- «Қостанай - Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);
- «Жақсы - Есіл – Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы - Бұзылық ауылы);
- «Жезқазған – Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы).
Жол учаскелерін 24 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланған.
Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелгенін жазған болатынбыз.