Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

Ауа райына байланысты республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

2025 жылғы 8 ақпан күні сағат 12:40–та ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақтөбе облысы:

«РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:

«РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

Жолды 2025 жылғы 8 ақпан сағат 20:00 ашу жоспарланған.

Жолға шығушыларға 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, Қазақстанның екі облысында жол ашылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар