Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Фото: Kazinform

Ақтөбе облысы:

2025 жылғы 6 наурыз сағат 00:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 6 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Қызылорда облысы:

6 наурыз сағат 00:00-де Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 6 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар