Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
17:30-да Ақтөбе облысында көлік қозғалысы шектелді.
Бүгін ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (ЭКО ойл жанармай стансасы – Қарабұтақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жол қозғалысы ертең сағат 08:00-де ашылуы ықтимал.
Сондай-ақ бүгін кешке Жамбыл облысында да жол жабылды.
Сағат 19:00-де Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қордай асуының жаңа айналма жолы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды айналып өту ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, 15 желтоқсан күні Ақтөбеде жолда қалған шетелдіктер жылыту пунктіне жеткізілген болатын.