17:48, 01 Қаңтар 2024 | GMT +5
Ауа райына байланысты екі облыстағы республикалық жол учаскелері жабылды
Еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazinform «ҚазАвтоЖол» компаниясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында - 1 учаске
«Астана-Петропавловск» 18-234 км. Астана қ. - Щучинск қ. — 216 км
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. (Қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ).
Жетісу облысында - 1 учаске
«Үшарал-Достық» 84-184 км, ст.Көктұма - ст.Достық – 100 км.
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. (Қар аралас жаңбыр, шектеулі көрініс).
Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 363 бірлік техника және 524 адам жұмылдырылды.