Ауа райына байланысты екі өңірде көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
18 ақпан сағат 09:40-та ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
Ақмола облысы:
– «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
– «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Айта кетейік, жолды 18 ақпан сағат 17:00-де ашу жоспарланып отыр.
Еске салсақ, осыған дейін 18 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық екенін жазған едік.