Ауа райына байланысты екі өңірде көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. 

Ауа райына байланысты екі өңірде көлік қозғалысы шектелді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

10 наурыз сағат 14:20-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда қоғамдық және жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Павлодар облысы

– «Атамекен — Ертіс — РФ шекарасы» 0–263 шақырым аралығы (Атамекен ауылы — РФ шекарасы);

– «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» 191–390 шақырым аралығы (Мичурино ауылы — РФ шекарасы);

– «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» 426–587 шақырым аралығы (Кенжекөл ауылы — Абай облысының шекарасы); 

– «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» 0–152 шақырым аралығы(Павлодар қаласы — РФ шекарасы);

– «Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы» 0–112 шақырым аралығы (Павлодар қаласы — РФ шекарасы);

– «Атамекен — Ақсу — Көктөбе — Курчатов» 25–220 шақырым аралығы(Ақсу қаласы — Абай облысының шекарасы);

Абай облысы

– «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 587–733 шақырым аралығында (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы). 

Айта кетейік, жолдарды 2026 жылғы 11 наурыз сағат 00:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Астана әуежайынан Алматы, Қостанай және басқа қалаларға ұшатын 20 рейс кейінге шегерілгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум