Ауа райына байланысты екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.  

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

— 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 03:30–да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі, — делінген хабарламада.

Ақмола облысы:

— «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автомобиль жолының 304-341 шақырым аралығындағы учаскесі (Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);

Сондай-ақ 03:45–те «Көкшетау-Атбасар» 0-184 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан Атбасар қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы:

— «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автомобиль жолының 341-473 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Бескөл елді мекеніне дейін)

Жолдарды бүгін, яғни 6 қаңтар сағат 07:30–да ашу жоспарланған.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.  

Осыған дейін Ақтөбеде қатты желдің салдарынан бірнеше ауылда жарық өшкені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар