Ауа райына байланысты республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол үш облыста жол жабылғанына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады.

29 желтоқсан сағат 23:00-де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 1357-2055 шақырым аралығында (Арал қ.- Түркістан обл. шек.) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған.
2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Қызылорда облысы:
- «Қызылорда-Павлодар» автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Ұлытау облысының шекарасына дейін);
Түркістан облысы:
- «Самара-Шымкент» автожолының 2055-2095 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Түркістан қаласына дейін);
Ұлытау облысы:
- «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).
Ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылғанын жазған болатынбыз.