12:06, 22 Қараша 2023 | GMT +5
Ауа райынан екі өңірдегі тағы 3 учаскеде жолдар жабылды
Күн райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдардың тағы 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Кazinform бұл туралы QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында
- «Екатеринбург – Алматы» күре жолының Атбасар қаласынан Астрахан ауылына дейінгі жол аралығы жабылды.
- «Көкшетау – Атбасар» тасжолының Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы жабық.
Батыс Қазақстан облысында
- «Чапаев – Казталовка» автожолында қозғалысқа тыйым салынды.
Айта кетейік, бүгін таңертең екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің 3 өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілген болатын.