Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM —  ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. 

жол жабылды
Фото: Дарья Аверченко /Kazinform

2026 жылғы 10 наурыз сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Абай облысы:  - «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615–967 шақырым аралығы (Жетісу облысы — с. Калбатау); - «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас» автожолының 528–704 шақырым аралығы (с. Баршатас — г. Аягөз); - «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас» автожолының 707–941 шақырым аралығы (г. Аягөз — с. Богас); - «Таскескен — Бахты — Қытай шекарасы» автожолының 0–75 шақырым аралығы (с. Таскеске бұрылысы — Алматы — Өскемен автожолы бойымен с. Урджар дейін);

Жетісу облысы:  - «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 561–615 шақырым аралығы (г. Ушарал — Абай облысы шекарасы);

Алматы облысы - «Көкпек — Кеген — Қырғыз Республикасының шекарасы (Түп) — Жалаңаш — Саты — Құрметті (Көлсай көліне кіреберіс жолымен)» автожолының 0 — 89 шақырым аралығы (автожолға бұрылыс — Көлсай көлі); - «Көкпек — Кеген — Қырғыз Республикасының шекарасы (Түп)» автожолының 0 — 72 шақырым аралығы (Көкпек ауылы — Кеген ауылы).

Батыс Қазақстан облысы:  «Орал — Тасқала — РФ шекарасы» автожолының 4 — 104 шақырым аралығында (Орал қаласы — РФ шекарасы) жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі.

Қостанай облысы: - «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 340 — 377 шақырым аралығы (Арқалық қаласы — Ақмола облысының шекарасы).

Ақмола облысы: - «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 377 — 440 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Державинск қаласы).

Жолды 2026 жылғы 11 наурыз сағат 8:00 және 9:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетелік Астанада бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен студенттер онлайн оқиды

Соңғы жаңалықтар