Ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат жариялады.
Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі облыстарда көліктің барлық түрінің қозғалысына 2025 жылғы 9 қараша сағат 20:00-де шектеу қойылады:
Абай облысы:
- «ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы» автожолының 587-733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Семей қаласы).
Ақмола облысы:
- «Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы - Павлодар облысының шекарасы);
Қарағанды облысы:
- «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы - Павлодар облысының шекарасы);
- «Қалқаман - Баянауыл - Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара ауылы).
Жолды 2025 жылғы 10 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр.